Өткен аптада прокурорлар 2 мың 500 жұмысшының 125 миллион теңге жалақыларының төленуіне ықпал етті

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен аптада еліміздің прокурорлары 2 мың 500 жұмысшының 125 миллион теңге жалақыларының төленуіне ықпал етті.
None
None

 Бұл мәліметтерді бүгін журналистермен болған апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, прокурорлар қазір еліміздің бірқатар ұйым, мекемелері тарапынан төленуі тиіс 55 миллион теңгенің жалақысын беру жөнінде прокурорлық актінің орындалуын қатаң бақылауға алды. «Қазіргі таңда прокурорлар тарапынан азаматтардың жалақыларының уақытылы әрі белгіленген мөлшерде берілуін бақылау шаралары еліміздің барлық аймақтарында назарға алынған. Бұл ретте мысал ретінде келтіруге болатын фактілер жетерлік. Айталық «Орман қорғау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі прокурорлардың ұйғарымы бойынша 635 жұмысшының 37 миллион теңгесін қайтарып берді. Ал қызылордалық прокурорлар «Аралтұз» акционерлік қоғамының 500 жұмысшысының 14 миллион теңге жалақыларын бергізді. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлардың ықпалымен және сот шешімімен «Петропавл қаласының халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамынан 13 миллион теңгенің жалақысы алынды. Батыс Қазақстан облыстық прокурорлары «АКХП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін 9,3 миллион теңгенің айлық жалақысын төлеуге ықпал етті», деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар