Өткен аптада прокурорлық ықпал ету шаралары аясында 3 мың жұмысшының жалақы бойынша қарыздары өтелді

АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Өткен аптада прокурорлық ықпал ету шаралары аясында 3 мың жұмысшының 350 миллион теңге көлеміндегі жалақы бойынша қарыздары өтелді. Бұл туралы бүгін дәстүрлі апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті,

Өткен аптада прокурорлық ықпал ету шаралары аясында 3 мың жұмысшының жалақы бойынша қарыздары өтелді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми өкілдің айтуынша, жалпы сомасы 140 миллион теңгеден асатын еңбекақыны төлеу  туралы талап қойылған прокурорлық қадағалау актілері орындалу үстінде.

«Қызылорда қаласының прокуратурасы «САТ» ЖШС-ның 179 қызметкеріне 17,5 миллион теңге айлық жалақы бойынша қарыздарын қайтаруды қамтамасыз етті»,-деп тоқталды Н. Сүйіндіков.