Өткен аптада республика аумағында 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Өткен аптада республика аумағында 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Атап айтқанда, Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Мерке ауданынан Тараз қаласының 44 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру барысында одан 657 келі дайындалған марихуана табылды. Осы облыс аумағында «Дельта-долина» есірткі бизнесіне қарсы күрес өңіраралық бөлімінің қызметкерлері Рысқұлов ауданының Қорағаты ауылында 405 келі марихуана алып бара жатқан Алматы облысының 47 жастағы тұрғынын ұстады. Сондай-ақ көліктегі полицейлер Жамбыл облысының «Шу-Құмөзек» стансалары аралығында Қырғызстанның 47 жастағы азаматын ұстап, одан 153 келі кептірілмеген марихуана тәркіледі.

«Ұсталған азаматтар уақытша оқшаулау орнына қамалды. Ірі көлемде есірткі затын сақтағандары үшін қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Н.Ораз.

Соңғы жаңалықтар