Өткен аптада республика бойынша 1389 қылмыс ашылды - ҚР ІІМ
АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - Шілденің 25-і мен 31-і аралығында республика аумағында 1772 қылмыс тіркелді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 38-і кісі өлтіру, 12-сі қарақшылық, 127-сі тонау және 905-і ұрлық. Сонымен қатар, 1389 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша 17 қылмыстық іс қозғалды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 2 басшысы, 10 қатысушысы және қылмыстық ортаның 1 «беделдісі» ұсталды, 9 шолақ мылтық және 69 дана оқ-дәрі тәркіленді.