Өткен аптада республикада барлығы 3 мың 654 қылмыс тіркелді, оның 2 мыңға жуығы ізі суымай ашылды

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Өткен аптада республикада барлығы 3 мың 654 қылмыс тіркеліп, оның 1 мың 949-ның ізі суымай ашылды»,-деп мәлімдеді бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.  

Өткен аптада республикада барлығы 3 мың 654 қылмыс тіркелді, оның 2 мыңға жуығы ізі суымай ашылды

Оның деректеріне қарағанда, бұрын жасалған 653 қылмыстың 381-і ашылды. Бұған қоса, 98 азаматқа іздеу жарияланып, заңсыз айналымнан 4 қару тәркіленді. Ал  есірткінің заңсыз айналымына байланысты 85 қылмыс анықталды. Оның 45 фактісі есірткіні саудалаумен байланысты болып отыр. «18 келіге жуық есірткі айналымнан алынды, оның ішінде 1,5 келіден астамы - героин»,-деді ресми өкіл.