Өткен аптада тәртіп сақшылары қылмыстық әлемнің 2 беделдісі мен ұйымдасқан қылмыстық топтың 8 мүшесін ұстады

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен аптада Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес саласының қызметкерлері 22 қылмыстық іс қозғады.
None
None

Олар бойынша, қылмыстық әлемнің 2 беделдісі мен ұйымдасқан топтың 8 мүшесі жауапқа тартылды. Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның  айтуынша, Қызылордалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қармақшы» акционерлік қоғамының құны 1,5 миллион теңге тұратын мүліктерін алдап-арбау арқылы иемденіп алған 40 жасар қылмыстық әлемнің беделдісін ұстады. Ал Қарағандыда жалған құжаттар дайындау арқылы осы қала тұрғынының  пәтерін иемденіп алған Жезқазған қаласының екі тұрғыны ұсталды. «Сондай-ақ Ақтауда қарасораны заңсыз түрде өсірген 45 жасар азамат ұсталып, оның саяжайынан аталған өсімдіктің 174 келісі табылды. Ал Астана қаласының 35 жасар тұрғыны заңсыз түрде ойын бизнесімен айналыспақ болып, қолға түсіп, одан 300 мың теңге тәркіленді», деді департамент бастығы.

Соңғы жаңалықтар