Өткен аптада заңсыз айналымнан 500 келіден астам есірткі заты алынды - ІІМ
АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Өткен аптада республикада 1878 қылмыс жасалды. Оның 1405-нің ізі суымай ашылды.
Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаменті осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен аптада, сондай-ақ бұдан бұрын жасалған 393 қылмыстың беті ашылды. Іздеуде жүрген 345 адам табылып, 4 ату құралы тәркіленді.
Сонымен қатар, 188 есірткі қылмысы анықталды. Оның 36-сы есірткі саудасына қатысты болды. Заңсыз айналымнан 30 келіден астам есірткі алынған.
Алматы қаласының ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу шаралары барысында №74 мектептің аумағында 33 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан 14 түйіншекке оралған салмағы 11 грамға жуық героин мен гашиш табылды.