11:21, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Өткен айда Алматы экологиялық жағынан ең лас қала болды
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Өткен айда Алматы экологиялық жағынан ең лас қала болды.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен «дөңгелек үстел» отырысы барысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің бастығы Мұхтар Тұлтабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, елімізде жыл сайын 250 млн. тоннаға жуық өндірістік және тағы басқа да қалдықтар шығарылады. Ал өткен қаңтар айының қорытындысы бойынша Алматы экологиялық жағынан ең лас қала болды», - дейді М.Тұлтабаев.