15:04, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өткен айда Астана қаласы ІІД Жол полициясы қызметкерлері 3 пара беруші жүргізушіні ұстады ? брифинг
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Өткен айда Астана қаласы ІІД Жол полициясы қызметкерлері 3 пара беруші жүргізушіні ұстады.
Бұл туралы бүгін Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз орталығында өткен апта сайынғы брифингте мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қаңтардың 4-інде бір азамат жол полициясының инспекторына 1000 теңге көлемінде пара беру үстінен ұсталды. Ол бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кетіп, жол сақшысына осы әрекетіне көз жұма салуы үшін пара ұсынды. Сонымен бірге, қаңтардың 6-сында Астанаға келген қарағандылық бір ер адам көлік құралы иесінің міндетті кепілдік жауапкершілік келісімі болмағаны үшін әкімшілік хаттама толтырмауды өтініп, осы мақсатта 1000 теңге көлемінде пара бермек болған. Аталмыш фактілер бойынша қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.«Өткен жылдың өзінде Астана қаласы ІІД ЖПБ Бақылау-алдын алу бөлімінің қызметкерлері азаматтардың пара беруінің алдын алу, ескерту жұмыстары бойынша Астана қаласы ІІД жедел бөлімдерімен біріккен қылмыстың алдын-алу шарасын 7 рет өткізсе, осы іс-шаралардың барлығында пара беру фактісі бойынша азаматтарды қолға түсірді», - деді брифингте Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бақыткелді Айқымбеков.