05:30, 04 Тамыз 2015 | GMT +5
Өткен айда азық-түлік өнімдерінің бағасында біршама өзгерістер болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасында 2014 жылғы тиісті аймен салыстырғанда азық-түлік бағасы 3,6 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлірігің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, есепті кезеңде баға жармаларға 19,9 пайыз, алкогольді ішімдіктерге - 8,2 пайыз, кофе, шай және какаоға - 7,6 пайыз, тоқаш және ұн өнімдеріне - 6,9 пайызға, кондитерлік өнімдерге - 6,8 пайызға өскен.
«Сонымен бірге, ұнға, балық және теңіз өнімдеріне - 6,4 пайыздан, нанға - 6,1 пайыз, макарон өнімдеріне - 4,5 пайыз, сүт өнімдеріне - 4,3 пайызға артты. Ал бағаның төмендеуі қантқа 11,1 пайыз, май және тоң майға - 1,2 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 0,9 пайызға байқалды. Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 1,8 пайызды құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 6,7, шошқа етіне - 5,5, құс етіне - 1,2 пайызға жоғары болса, қой етіне - 0,7 пайызға төмендеген», делінген баспасөз баянында.