Өткен айда баға мұнайға 5,7 пайызға жоғарылап, бензинге 0,5 пайызға төмендеді - ҰЭМ

Министрліктің мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 7,2 пайызға жоғарылап, өңдеу өнеркәсібінде - 0,5 пайызға төмендеген. Өндірілген өнімге баға 4 пайызға қымбаттаса, өндірістік сипаттағы қызметтерге баға өзгеріссіз қалды.
«Баға қорғасынға - 15,2 пайыз, мырышқа - 8,5 пайыз, қара металдар илегіне - 3 пайыз, мысқа - 2,5 пайыз, ферроқорытпаларға - 0,3 пайызға жоғарылады, асыл металдарға - 2,8 пайызға, алюминийге - 1,4 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, есепті кезеңде бағаның қарақұмық жармасына - 5,6 пайыз, қара бидай ұнына - 4,9 пайыз, мал етіне - 2,5 пайыз, құс етіне - 2,4 пайыз, өсімдік майына - 2 пайызға, сүт өнімдеріне және қантқа - 0,7 пайыздан, балыққа - 0,6 пайызға төмендеуі тіркелді», - делінген баспасөз баянында.