Өткен айда экономиканың жекелеген сегменттерінде бағалар өзгерді

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - 2011 жылдың наурыз айында экономиканың жекелеген сегменттерінде бағалар өзгерді,

Өткен айда  экономиканың  жекелеген  сегменттерінде бағалар  өзгерді

деп хабарлады Статистика агенттігінен.

"Инфляция ол айда 0,5 пайызды құрады. Өнеркәсіп саласындағы баға - 4,2 пайызға көтерілсе, орман шаруашылығында - 3,8 пайызға, көтерме сауда-саттықта - 1,8 пайызға, ауыл шаруашылығында - 1,7 пайызға, құрылыс саласында 0,4 пайызға қымбаттады. Жүк тасымалы, заңды тұлғалар үшін пошта, курьерлік және байланыс қызметтері өзгеріссіз қалды, - делінген агенттіктің хабарламасында.