Өткен айда еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейі 20 мың 442 теңгені құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қыркүйек айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 20 мың 442 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Атап айтқанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы қыркүйек айында тамыз айымен салыстырғанда 1,4 пайызға төмендеген. Ал бұл көрсеткіш 2014 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 0,6 пайызға жоғары.

«Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,3 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 15,4 пайызды құраған. Сонымен қатар, бұндағы жемістер мен көкөністер сатып алуға кететін шығын 14,6 пайыз, нан және жарма өнімдері 7,6 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер 2,1 пайыз шамасында есептеліп отыр», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар