Өткен айда еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы желтоқсанда еліміздегі жұмыссыздар саны бағалау бойынша 458,8 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз деңгейінде болып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Комитет ұсынған мәліметтерге қарағанда, республика экономикасында 2014 жылғы желтоқсанда 8,7 млн. адам жұмыспен қамтылған. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 75,3 мың адамға немесе 0,9 пайызға көбейіп отыр.

Сонымен қатар, жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,1 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 70,6 пайызы) құрады. 2014 жылғы IV тоқсанның алдын ала деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 71,7 пайызды, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 28,3 пайызды құрады.

«Жұмыспен қамту органдарында 2014 жылғы желтоқсан айының соңына 33,4 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4 пайызын құрады, өткен 2013 жылғы желтоқсанда бұл көрсеткіш 0,3 пайыз болатын», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар