Өткен айда еліміздің ірі және орта кәсіпорындарына 77 мың адам жұмысқа қабылданды

АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Cтатистика агенттігінің таратқан жедел деректеріне сәйкес, ағымдағы жылғы мамыр айында еліміздің ірi және орта кәсiпорындарына және ұйымдарына 77,0 мың адам жұмысқа қабылданды, түрлі себептермен - 66,3 мың адам жұмыстан кетті.

Өткен айда еліміздің ірі және орта кәсіпорындарына 77 мың адам жұмысқа қабылданды

Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 79,0 пайызды, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты босағандар - 1,8 пайызды, басқа себептер бойынша - 19,2 пайызды құрайды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылғы мамыр айында жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,6 пайыз, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,2 пайыз, кадр тұрақсыздығы - 1,8 пайызды құрады. Есепті кезеңде жұмыстан босатылған қызметкерлер санынан 116,0 пайызы қайта қабылданған кадрлармен толықтырылды.