Өткен айда ең төменгі күнкөріс деңгейі 12 мың 713 теңгені құрады

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың наурыз айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 12 мың 713 теңгені құрады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2010 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда 2,2 пайызға артқан. Сондай-ақ бұл көрсеткіш 2009 жылдың наурыз айындағы көрсеткішке қарағанда 3,8 пайызға өскен.

Бұның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20 пайызды, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 17 пайызды, жемістер мен көкөністер - 11 пайызды, нан және жарма өнімдері - 9,1 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштер - 2,9 пайызды құраған.

Соңғы жаңалықтар