Өткен айда инфляция 0,7 пайызды құрады - Статистика агенттігі
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен айда Қазақстандағы инфляцияның деңгейі 0,7 пайызды құрады.
ҚР Статистика агенттігі хабарлағандай, азық-түлік тауарларының бағасы 0,3 пайызға, азық-түлік емес тауарларының құны 0,5 пайызға өсті. Ал ақылы қызметтер 1,2 пайызға қымбаттады. Атап айтқанда, сәуір айында жұмыртқа - 2%, ет және құс еті - 1,1%, қант - 0,9%, алкогольсіз сусындар мен кондитерлік өнімдер - 0,6%, жеміс-жидек - 0,5%, сүт және теңіз өнімдері 0,4 пайызға көтерілді. Сол сияқты цемент - 1,2%, темекі өнімдері - 1%, үй тұрмысына қажетті заттар, киім және аяқ киім, фармацевтикалық өнімдер - 0,2, бензин - 3,7%, дизель отыны 3,5%-ға қымбаттады. Әуе тасымалы қызметтері - 6,7%, темір жол көлігі - 6,2%, денсаулық сақтау - 0,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 0,8%, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру - 0,7%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтері 0,3%-ға өсті. Ал тұрғын-үй коммуналдық қызметтер саласында электр энергия тарифтері - 6,5%, сумен жабдықтау мен кәріз - 1%, жылудың бағасы 0,5 пайызға жоғарылады.