Өткен айда инфляция деңгейі 0,3 пайызды құрады - Статистика

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат / - 2011 жылғы қыркүйекте еліміздегі инфляция деңгейі 0,3 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өткен айда инфляция деңгейі 0,3 пайызды құрады - Статистика

Агенттіктің мәліметтері бойынша, өткен айда баға азық-түлік тауарларына 0,2 пайызға төмендесе, азық-түлік емес тауарлары 0,4 пайызға, ақылы қызметтер 1 пайызға өскен.

Атап айтқанда, өткен айда бағаның төмендеуі жеміс-көкөніс өніміне 6 пайыз, ал картопқа - 11,6 пайыз, жаңа жиналған көкөністерге - 8 пайыз, жемістерге - 2,2 пайызға белгіленді. Ал қант 5,8 пайызға, қарақұмық жарма - 3,7 пайызға, күріш - 0,5 пайыз, ұн 0,4 пайызға арзандаған. Сонымен қатар, бағаның өсуі жұмыртқаға 5,4 пайыз, шикі сүтке - 2,7 пайызға, сиыр етіне - 2,3 пайызды, қышқыл сүт өнімдеріне - 1 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне - 0,4 пайыз, нанға 0,2 пайызға тіркелген.

Бұдан бөлек, баға өсімі сұйытылған газға 1,6 пайыз, бензинге - 1,3 пайыз, қатты отынға - 0,8 пайыз, дизель отынына 0,7 пайызды құраса, жуу және тазалау құралдарына, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,4 пайыздан, үй тұрмысына қажетті заттарына - 0,3 пайыз, киім және аяқ киім, баспа өнімдері 0,2 пайыздан өскен.

Сонымен қатар, агентіктің мәліметіне сәйкес, баға деңгейі білім беру қызметтеріне 7,9 пайыз, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 0,9 пайыз, мәдениет - 0,6 пайыз, денсаулық сақтау 0,5 пайызға жоғарылаған. Ал жолаушылардың темір жол көлігі 2,4 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық қызметтер саласында төлем суық суға 2,3 пайызға, кәрізге - 1,9 пайыз, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 1,4 пайыз, қоқыс жинауға - 1,1 пайыз, ыстық су мен орталықтан жылытуға 0,3 пайыздан өскен.