Өткен айда Қазақстанда бухгалтерлер мен бас аспазшылар мамандықтары жоғары сұранысқа ие болды

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - «Менің жалақым» (Mojazarplata.kz)  атты Интернет-ресурсы Қазақстанда биылғы қаңтарда жоғары сұранысқа ие болған мамандықтардың рейтингін жасады.

Өткен айда Қазақстанда бухгалтерлер мен бас аспазшылар мамандықтары жоғары сұранысқа ие болды

Аталған рейтингте орта буын басшылығының орны көш бастап келеді. Екінші орында сұранысқа ие қызметтердің ішінде штаттық бухгалтерлер тұр. Осы мамандардың жалақысы  сағатына 210-1328 теңгені құрайды екен. Үшінші орынға сұлулық салондарының әкімшілері табан тіреп отыр. Қызмет көрсету саласындағы қазақстандық компаниялар қызметкерлерінің айлығы сағатына 116-1147 теңге аралығында ауытқып тұр.

Сонымен қатар, рейтингте бас аспазшының көмекшісі, жеңіл автокөліктің жүргізушісі, терапевт-дәрігер, сату бойынша менеджерлер, веб-дизайнерлер, сауда кеңесшілер, қазақ тілінен аудармашылар, сондай-ақ биотехнологтар кездеседі.