Өткен айда Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарына 100 мыңға жуық адам қабылданды

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес ағымдағы жылғы қыркүйекте ірi және орта кәсiпорындарға, сондай-ақ ұйымдарға 99,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 88,8 мың адам жұмыстан кетті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Өткен айда Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарына 100 мыңға жуық адам қабылданды

Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 86,7%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 3,7%, басқа себептер бойынша - 9,6% құрайды.

Ағымдағы жылғы қыркүйекте жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 3,1%, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,7%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 2,4% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 111,8% құрады.