13:23, 02 Қазан 2010 | GMT +5
Өткен айда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 14 мың 353 теңгені құрады - Статистика агенттігі
АСТАНА. Қазанның 2-cі. ҚазАқпарат - Елімізде 2010 жылдың қыркүйек айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 14 мың 353 теңгені құрады.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2010 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 1,6 пайызға азайған. Ал бұл көрсеткіш 2009 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 8,3 пайызға өскен. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,9 пайыз, сүт, май, тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 14,6 пайыз, жемістер мен көкөністер - 15,8 пайыз, нан және жарма өнімдері - 8,1 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер сатып алу - 2,6 пайызды құрады.