Өткен айда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 16 мың 983 теңгені құрады

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 16 983 теңгені құрады.

Өткен айда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 16 мың 983 теңгені құрады

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы қаңтарда өткен желтоқсан айымен салыстырғанда 1,7 пайызға өскен. Ал бұл көрсеткіш 2012 жылғы қаңтарға қарағанда 7,4 пайызға артық. «Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,6 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,3 пайызды, жемістер мен көкөністерді - 10,2 пайызды, нан және жарма өнімдерін - 7,8 айызды, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,1 пайызды құрады», - делінген баспасөз хабарламасында.