Өткен айда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 21 мың теңгені құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қазан айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 21 226 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2015 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 3,8%, 2014 жылғы қазанмен - 4,1%-ға жоғарылады.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,6%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15,5%, жемістер мен көкөністерді - 15,2%, нан және жарма өнімдерін - 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,2%-ды құрады.
Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда
0-13 жастағы балалар
14-17 жастағы жасөспірімдер
18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық
Зейнеткерлер мен қарт адамдар
жас жігіттер
қыздар
ерлер
әйелдер
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы
21 226
18 877
26 419
20 243
24 904
19 758
19 600
Азық-түлік тауарлары
12 736
11 326
15 851
12 146
14 943
11 855
11 760
Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер
8 490
7 551
10 568
8 097
9 961
7 903
7 840