Өткен айда өндіруші кәсіпорындардың бағасы өзгеріссіз қалды - Статистика

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың наурыз айында еліміздегі өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы өзгеріссіз қалды.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ағымдағы жылғы наурызда ақпан айымен салыстырғанда баға өңдеу өнеркәсібінде 0,1 пайызға төмендеді, керісінше электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 0,3 пайызға жоғарылады. Ал кен өндіру өнеркәсібіндегі баға өзгеріссіз қалды», делінген баспасөз айғағында. Сонымен бірге, наурыз айында бағаның бензинге - 5,3 пайыз, керосинге - 4,3 пайыз, дизель отынына - 2,6 пайыз, көмірге - 0,6 пайыз, электр энергиясына - 0,5 пайыз, мұнайға - 0,4 пайыз, жылу энергиясына - 0,1 пайызға жоғарылауы тіркелген. Сонымен бір мезгілде, газ конденсатына - 4,2 пайыз, табиғи газға - 1,6 пайыз, отындық мазутқа - 0,3 пайызға төмендеуі байқалды.

Бұдан бөлек, өткен ай ішінде кондитер өнімдері 5,8 пайыз, шай - 1,9 пайыз, құс еті - 1,7 пайыз, мал еті - 1,2 пайыз, сүт өнімдері - 0,6 пайыз, балық - 0,5 пайызға қымбаттаған. Ал бидай ұны - 2,2 пайызға, қара бидай бидай ұны - 1,3 пайызға, макарон өнімдері - 0,7 пайызға, жармалар - 0,1 пайызға арзандады.

Соңғы жаңалықтар