Өткен айда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 0,5 пайызға төмендеді- Статистика агенттігі

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - 2010 жылдың қыркүйек айында еліміздегі өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 0,5 пайызға төмендеді.
None
None

Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылғы қыркүйекте тамызбен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 1,6 пайызға, электр энергиясын, газ бен су өндіру - 0,1 пайызға төмендеген, керісінше өңдеу өнеркәсібіндегі баға 1,6 пайызға артқан.Бұдан бөлек, өткен айда бағаның төмендеуі отындық мазутқа - 2,9 пайыз, мұнайға - 1,7 пайыз, көмірге - 1,1, электр энергиясына - 0,3 пайыз, табиғи газға - 0,2 пайызға, олардың жоғарылауы - бензинге - 1,3 пайыз, керосинге - 1,1 пайыз, дизель отынына - 0,9 пайыз, жылу энергиясына - 0,6 пайызға белгіленді.Сонымен қатар, бір айда баға қара металдар илегіне - 0,7 пайыз, ферроқорытпаларға - 0,6 пайызға төмендеп, мысқа - 8,7 пайыз, өңделмеген алюминийге - 4 пайыз, қымбат металдарға - 1,7 пайызға жоғарылаған. Бұдан бөлек, бидай ұны - 10,5 пайыз, жармалар - 6,8 пайыз, макарон өнімдері - 4,9 пайыз, өсімдік майы - 4 пайыз, сүт өнімдері - 2,2 пайыз, қант - 1,9 пайыз, балық - 1,5 пайыз, нан - 1,3 пайыз, кондитер өнімдері - 0,7 пайыздан қымбаттап, құс еті - 1,4 пайызға, мал еті - 0,7 пайызға арзандаған.

Соңғы жаңалықтар