Өткен айда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,4 пайызға жоғарылады - Статистика
АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қыркүйек айында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,4 пайызға жоғарылады,
деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылғы қыркүйекте тамызбен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 4,9, өңдеу өнеркәсібінде 0,5 пайызға жоғарылады. Өндірілген өнім 3,7 пайызға қымбаттады, өндірістік сипаттағы қызметтер 0,2 пайызға арзандады», - делінген ведомство ақпаратында.