Өткен айда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 1,4 пайызға жоғарылаған

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өткен ақпан айында еліміздегі өнеркәсіп өндіруші кәсіпорындардың бағасы 1,4 пайызға жоғарылады.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың ақпанында қаңтар айымен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 1,3 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде - 1 пайызға, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 3,5 пайызға жоғарылаған.

Бұнымен қоса, өткен айда бағаның табиғи газға 7 пайыз, электр энергиясына - 5,1 пайыз, металл кендеріне - 4,8 пайыз, газ конденсатына - 3 пайыз, дизель отынына - 2,9 пайыз, жылу энергиясына - 0,7 пайызға артқаны тіркелген. Сонымен бір мезгілде, бағаның бензинге - 1,7 пайызға, көмірге - 0,1 пайызға төмендеуі байқалған.

Бұдан бөлек ай ішінде мыстың бағасы - 5,1 пайызға, өңделмеген алюминий 4,3 пайызға, мырыш 3,5 пайызға, қорғасын 3,3 пайызға, ферроқорытпалар 1,5 пайызға, қара металдар илегі 0,4 пайызға жоғарылаған.

Сондай-ақ, шай - 1,3 пайыз, өсімдік майы - 0,9 пайыз, сүт өнімдері - 0,6 пайызға қымбаттаса, құс еті - 2,8 пайызға, бидай ұны - 2,3 пайызға, балық - 2,1 пайызға, жармалар - 0,5 пайызға арзандаған.

Соңғы жаңалықтар