Өткен айда республикада инфляция деңгейі 0,4 пайыз көлемінде болды

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - 2009 жылғы қазанда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,4 пайызды құрады,

Өткен айда республикада инфляция деңгейі 0,4 пайыз көлемінде болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттіктің таратқан мәліметтері бойынша, өткен айда республикада ақылы қызметтерге баға - 0,9 пайызға, азық-түлік емес тауарларға - 0,4 пайызға өсті. Баға индексі азық-түлік тауарларына 100 пайызды құрады.

Сондай-ақ, қатты отын - 1,7, медициналық дәрі-дәрмектер - 0,8, киім, аяқ киім және ыдыс - 0,6, кітаптар мен газеттер - 0,4 пайызға қымбаттады. Бағаның өсуі сонымен қатар, бензинге - 0,7 және дизель отынына - 0,3 пайызға тіркелді.  Ал құрылыс материалдары, керісінше, 1,5 пайызға арзандады.

Білім беру, денсаулық сақтау қызметтері - 0,9, мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтері - 0,7, мәдениет және жеке қызметтер - 0,5 пайызға жоғарылады, ал жолаушыларды тасымалдау қызметтері - 0,8 пайызға төмендеді.

Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтің өсуі кәрізге - 3,1 пайызға, орталықтан жылытуға - 3, суық суға - 2,3, ыстық суға - 1,7 және электр энергиясына - 0,3 пайызға байқалды.