Өткен айда республикада өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 1,6 пайызға көтерілді

АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2009 жылғы мамыр айында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 1,6 пайызға қымбаттады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап. Өткен мамыр айында кен өндіру өнеркәсібінде баға -3,5, су, газ және электр энергиясын өндіру мен таратуда 0,9 пайызға көтерілді, ал қайта өндіруде 0,6 пайызға арзандады. Энергия ресурстарының бағалары мен тарифтері тұтастай алғанда бір ай ішінде - 5,3, мұнай -6,9, газ конденсаты - 3,7, электр энергиясы 1,3 пайызға өсті, ал табиғи газ, мұнай өнімдері мен көмірдің бағасы 9 және 1,3 пайызға арзандады. Сондай-ақ өңделмеген қорғасын - 21,4, мыс ? 16,5, мырыш 11,6 пайызға қымбаттаса, ферроқорытпалардың бағасы керісінше 20,5 пайызға төмендеген. Өткен айда қанттың бағасы ? 6, құс еті ? 1,8 пайызға жоғарылады. Бидай ұны ? 2,2, өсімдік майы ? 1,9, балық 0,9 пайызға арзандады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум