Өткен бес күнде пойыз төрт адамды қағып кеткен - ҚТЖ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен бес күнде пойыз төрт адамды қағып кетті. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Статистикалық мәліметтер, зардап шеккендердің темір жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу оқиғаларының белгіленбеген жерден өтуге қатыстылығын көрсетеді.

2 қаңтарда Жаңа Қарағанды станциясында кәмелетке жетпеген екі қыз темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, соның салдарынан үлкені қаза тапты. Сіңлісі Қарағандыға ауруханаға жеткізілді. Темір жолдағы оқыс оқиға салдарынан жамбасы сынған. Апалы-сіңлілер жақын маңдағы циркке асыққан.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы тұрғындарға темір жол маңы қауіпті аймақ екендігін ескертіп, барынша абай болу керектігін ескертеді.

Жол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы жағдайларға соқтырады.

Соңғы жаңалықтар