Өткен бір тәулікте Қазақстанға 4,6 мың жолаушы ұшып келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 маусымда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Грузия, Украина, Түркия, Чехия, Германия, Оңтүстік Корея, Әзербайжан,Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 4 609 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2 362 жолаушы;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 224 жолаушы;
- Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 458 жолаушы;
- Ақтау қаласының әуежайына – 4 рейс, 540 жолаушы,
- Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 25 жолаушы.
«Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келді», - деп нақтылады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен.