Өткен демалыс күндері 55 мас көлік жүргізуші ұсталды - Астана қаласының Жол полициясы

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері, тамыздың 7-сі және 8-де Астана қаласында көлікті мас күйінде басқарған 55 жүргізуші ұсталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елордада 55 жүргізуші ішімдік ішіп көлікті басқарғаны үшін ұсталды. Жылдамдықты шамадан тыс асырған 195 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал 24 жүргізушіге қарсы беттегі жол бөлігіне шыққан үшін, 37 жүргізушіге техникалық жағдайы сай емес көлікті басқарғаны үшін айыппұл салынды», делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар аталған күндері автокөлікті жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлескен 28 жүргізушіге, қажетті құжаттарынсыз көлік басқарған 35 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылған. 54 көлік айып тұрағына қойылды.

Жалпы, өткен аптада Астанада 8 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 9 адам түрлі жарақаттар алды.

Соңғы жаңалықтар