Өткен демалыс күндері 7 адам суға кетті - ТЖМ
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері еліміздің ашық су көздерінде 7 адам суға кетті, бірнеше күн бұрын суға кеткен бір адамның денесі табылды деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
16 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында Есілге 1957 жылы туған Ж.Сәрсекеев деген азамат суға батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.
Сол күні Алматы облысында екі ер азамат суға кетті: Қапшағай су қоймасына шомылып жүрген жерінде 1986 жылы туған Н.Прокофьев деген азамат, Балқаш көлінде 1970 жылы туған. К.Самылтыров деген азамат суға батып кетті. Олардың денелерін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.
Сенбі күні Қызылорда облысының Қазалы ауданында 1976 жылы туған С.Кенжеевтің денесі судан алып шығарылды. Ол 14 шілде күні «Басықара» елді мекенінің іргесіндегі 13-ші каналға суға батып кеткен еді.
17 шілдеде Семей қаласында қазаншұңқырда шомылып жүрген жерінде 1988 жылы туған Д.Мырзагелдиев деген азамат суға кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.
Бұл күні Батыс Қазақстанның Жаңақала ауданында Көшім өзеніне 1986 жылы туған Е.Нұрғалиев деген азамат суға батып кетті. Оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.
Ал Ақсу қаласында жексенбі күні 1984 жылы туған Р.Хайруддинов деген азамат Ертіске батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.
Қапшағай қаласында кеше қалалық жағажайда қайғылы оқиға орын алды - 1989 жылы туған Д.Қожабекова деген бойжеткен суға батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.