Өткен демалыс күндері Ақтөбе облысында 1500 гектардан астам далалы алқап өртке оранды

АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Ақтөбе облысында 1500 гектардан астам далалы алқап өртке оранды.

Өткен демалыс күндері Ақтөбе облысында 1500 гектардан астам далалы алқап өртке оранды

Мәселен, сенбі, шілденің 31-і күні Алға ауданы Ильинка ауылдық округінде болған өрттің жалпы аумағы 1 мың гектарды құрады. От тамыздың 1-і таңертеңгі сағат 4 жарымда Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасының және жергілікті 8 тұрғынның күшімен сөндірілді.

Сондай-ақ осы күні 13.15-те, Әйтеке би ауданына қарасты Комсомольский ауылдық округінің Қаракөл елді-мекенінде 400 гектар алқап отқа оранды. Тілсіз жау облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметі мен жергілікті халықтың күшімен 10 сағаттан кейін ауыздықталды.

Тамыздың 1-і күні өрт Ақтөбе қаласының аумағындағы Благодарный ауылдық округінің 150 гектар жерінде болды. Төтенше жағдайды жоюға облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 2 техникасы жән ауылдық округтің 13 адамы мен 3 техникасы жұмылды.

Құтқарушылардың айтуынша, төтенше жағдайлардан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.