Өткен демалыс күндері Алматыда 133 мас жүргізуші ұсталды

АЛМАТЫ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда өткен кең ауқымды тексерістер нәтижесінде өткен демалыс күндері 133 мас жүргізуші ұсталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үш күн ішінде жол полициясы қызметкерлері 5 мыңнан астам жол ережесін бұзу оқиғалары анықтады. Оның ішінде 468 жүргізуші жылдамдық ережесін бұзса, 238 -і қауіпсіздік белдігін тақпаған, 83 жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кеткен», дейді қалалық ІДД жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Мұхтар Аманбеков. Оның айтуынша, шара барысында әлі күнге дейін терезесіне қара үлдірік жапсырып жүрген жүргізушілер де кезіккен. 10 адам ереже бұзудың осы түрімен ұсталса, 84 жүргізушіде жүргізуші куәлігі мүлдем болмаған. Жолда жүру ережесін бұзған 491 жаяу жүргінші де жауапқа тартылып, 198 көлік құралы айып тұрағына қойылған.

Соңғы жаңалықтар