Өткен демалыс күндері Астана полицейлері 19 мас жүргізушіні ұстады
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Астананың жол полициясы қызметкерлері көлікке мас күйінде отырған 19 жүргізушіні ұстады.
Бұл туралы қалалық ІІД-нің Жол полициясы басқармасынан хабарлады.
Таратылған хабарламада, сенбі және жексенбі күндері жол қозғалысын қадағалау барысында полицейлер Жолда жүру ережесін бұзушылықтың 1 232 фактісі анықталғандығы мәлім етілген. Солардың ішінде 19 жүргізуші көлік құралына ішімдікке тойып алған күйінде отырғаны үшін, 16-сы қарсы бетке шығып кеткені үшін, 22-сі машинаны құжаттарсыз басқарғаны үшін, 63-сі қозғалыс барысында ұялы телефонды пайдаланғаны үшін тоқтатылды. Сондай-ақ, межеленген жылдамдықты асырған 52 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылып, тағы 30 автокөлік айып тұрағына жеткізілді.