Өткен демалыс күндері Астанада 23 мас жүргізуші ұсталды
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Астана қаласының жол полициясы қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 724 түрлі оқиғасын анықтады,
бұл ретте көліктерін мас күйінде жүргізген 23 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды қаланың ІІД ЖПБ-ның баспасөз қызметі.
«Қозғалыстың белгіленген жылдамдығын асырғаны үшін 23, көліктерін құжатсыз жүргізгені үшін - 7, ұялы телефон қолданғаны үшін - 47 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылды, айыппұл тұрағына 24 көлік қойылды», - делінген хабарламада.