Өткен демалыс күндері ел жолдарында 5 жол-көлік оқиғасы орын алды, адам шығыны бар
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Ірі жол-көлік оқиғасы қарашаның 28-і күні Қостанай облысы Федоровка ауылында «Мазда» және "Вольво" автокөліктерінің қатысуымен болды. Оның салдарынан бірінші көліктің жүргізушісі және оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Сондай-ақ осы күні Жамбыл облысы Алматы-Астана автожолының 420-шы шақырымында «Опель», «МАН» және «Мерседес» автокөліктерінің соқтығысуы орын алды. Оқыс оқиға екі адамның өліміне себепші болды.
Ал жексенбі күні, Қарағанды облысы Абай ауданындағы Қарағанды-Жезқазған автожолының 55-ші шақырымында «ВАЗ» үлгісіндегі екі көліктің түйісуінен бес адам ауруханаға жеткізілді, құрбан болғандар жоқ.
Сонымен қатар, осы аймақтағы Осакаров ауданы Алматы-Екатеринбург автожолының 1340 шақырымында «Тойота» және «Шкода» автокөліктері жүргізушілерінің көлікті басқару кезінде жіберген ұқыпсыздығынан, «Шкоданың» жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, оның 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.