Өткен демалыс күндері елордада 40 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды

 АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Елордада демалыс күндері жол қозғалысы тәртібін бақылау кезінде жол полициясы қызметкерлері ережені бұзу бойынша 1038 түрлі фактілерді анықтады.

Өткен демалыс күндері елордада 40 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды

Бұл жайында Астананың ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 40 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін,  ал 16 жүргізуші жолдың қарсы жолағына шығып, жол жүру ережесін бұзғаны үшін  ұсталды. 41 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді.