Өткен демалыс күндері елордада жол ережесін бұзудың 1 144 фактісі тіркелді

АСТАНА. Тамыздың 10-ы.  ҚазАқпарат  - Өткен аптада Астанада 6 жол-көлік  оқиғасы  тіркеліп,  оларда  9 адам түрлі    жарақаттар алды, қаза  болғандар жоқ, 

Өткен демалыс күндері елордада жол ережесін бұзудың 1 144 фактісі  тіркелді

деп хабарлады   Астана  қаласы  Ішкі істер   департаментінің жол полициясы  басқармасынан.

Өткен демалыс күндері жол полициясы басқармасы      жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1  144  түрлі фактісін  анықтады.

Жол  полициясынан   хабарлағандай,    рульге мас болып отырған  75 жүргізуші     ұсталды.  Оған қоса,   жылдамдықты асырғандары  үшін   213 жүргізушіге  әкімшілік хаттама  толтырылды.

Елордалық 9 автоәуесқой    жолдың  қарсы бетіне шығып  кетсе,  27 жүргізуші   құжатсыз   көлікке  отырған.    Анықталған   жүргізушілердің    «темір тұлпарлары»   айып тұрағына    қойылды.

Ескертудің көп жасалғанына   қарамастан,  жүргізушілер    жүріп бара жатып,  ұялы  телефонмен сөйлескенді азайтпай  отыр.   «Телефонмен сөйлескіш»  20   жүргізушіге айыппұл  салынды.

Оған қоса,    жүргіншілер өткелінде  ереже  бұзған  адамдарға    да 19 әкімшілік  хаттама  толтырылды.     Жаяу  жүргіншілер де   жүргізушілерден «қалысар  емес»,    жол  ережесін бұзған  бес   жаяу  жүргіншіге     әкімшілік  хаттама  толтырылды.

Өткен аптаның ішінде Астанада 75 көлік айып тұрағына  қойылды.