Өткен ғасырдың 60-70 жылдары әлемдегі мұсылмандар саны 5 есеге өсті - Нұрсұлтан Назарбаев

АНА. 8 маусым. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - "Ислам сан ғасырлар бойы төзімділік пен толеранттылық ұстанымын танытып келеді", - деді бүгін Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Өткен ғасырдың 60-70 жылдары  әлемдегі мұсылмандар саны 5 есеге өсті - Нұрсұлтан Назарбаев

«Атап айтқанда, ислам сан ғасырлар бедерінде діни тұрғыдағы төзімділік пен толеранттылықты көрсетіп келеді. Оғаш ой-тұжырымдарға қатысты да асқан сабырлылық танытты»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Елбасының пайымдауынша, қазіргі кезде ислам әлемі өз дамуындағы күрделі кезеңді бастан өткізіп отыр. Ислам саяси шиеленістер мен әлеуметтік -экономикалық және демографиялық қиындықтармен бетпе-бет келуде. «Мысалы, өткен ғасырдың 60-70 жылдары әлемдегі мұсылмандар саны ауыр және тоқтаусыз азық-түлік дағдарысына қарамай, 5 есеге өсті»,-деді Президент.