Өткен қараша айында республикада ең төменгі күнкөріс деңгейі 11 927 теңгеге дейін азайды - Статистика

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы қараша айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 11 927 теңгені құрады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2009 жылдың қарашасында оның алдыңғы аймен салыстырғанда 9,4 пайызға, 2008 жылғы қарашамен салыстырғанда 2,3 пайызға азайды.

Оның құрылымындағы ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 20,5 пайызды, сүт, май өнімдері мен жұмыртқаға - 16,7, жемістер мен көкөністерге - 9,9, нан өнімдеріне - 10, қант, шай және дәмдеуіштерге - 2,9 пайызды құрады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің (11 927 теңге) құрамындағы азық-түлік тауарлардың үлесі - 7156 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге - 4771 теңгені құрады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ең төменгі күнкөріс деңгейі 13 жасқа дейінгі балаларға 9441 теңгені, 14-17 жас аралығындағы қыздар мен жасөспірімдерге - 15086 және 11558 теңгені сәйкесінше, 18 жастан жоғары еңбекке қабілетті халық үшін, соның ішінде ерлерге - 14225 теңгені, әйелдерге - 11296 теңгені, зейнеткерлер мен қарт адамдарға - 11168 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар