Өткен қыс 136 жылдың ішіндегі ең жылысы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың ақпаны бақылау тарихындағы ең жылысы болды, деп хабарлады Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның (ВМО) баспасөз хатшысы Клэр Нуллис.

 Өткен қыс 136 жылдың ішіндегі ең жылысы болды

Байқаушылардың ақпаратынша, жердегі және мұхит бетіндегі орташа температура өткен ғасырда тіркелген көрсеткіштен 1,21 градусқа жоғары болған.

Ал желтоқсан-ақпандағы орташа температура рекордты жаңартып, 1880 жылдан 2016 жылға дейінгі мерзімдегі ең жоғарысы болды.