Өткен наурызда экономиканың жекелеген сегменттерінде баға өзгерді
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат -2013 жылғы наурызда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi.
Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылғы наурызда инфляция 0,2 пайызды құрады. Ал баға көтерме саудада бір ай ішінде 0,6 пайыз, ауыл шаруашылығында - 0,4 пайыз, құрылыста - 0,3 пайызға өскен. Тарифтер заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне 0,2 пайызға төмендеді, ал пошталы, курьерлік және жүк көлігімен тасымалдау қызметтеріне баға өзгеріссіз қалған.