08:05, 07 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Өткен сенбі күні Павлодар-Майқапшағай күре жолында 5 адам құрбан болды - ТЖМ
АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - Өткен сенбі, желтоқсанның 5-і күні Павлодар облысы Павлодар-Майқапшағай автожолында болған ірі жол-көлік оқиғасында 5 адам қайтыс болды, оның ішінде 3 жасар нәресте бар,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Ірі апат автожолдың 943-ші шақырымында сағат 18.10-да «Дэу» және «Митцубиси» автокөліктерінің қатысуымен болды. Салдарынан бірінші көліктің жүргізушісі мен оның 59, 56 және 3 жастағы жолаушылары, екінші көліктің 46 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.