Өткен сессияда мемлекеттің инновациялық дамуына жағдай жасайтын заң жобаларына ерекше мән берілді - Мәжіліс Төрағасы
сымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Өткен сессияда мемлекеттің инновациялық дамуына жағдай жасайтын заң жобаларына ерекше мән берілді.
Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында 4-ші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жабылуында Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Олар - «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобалары. Кеден кодексіне енгізілген түзетулер зияткерлік меншікті қорғаудың, Қазақстанда контрафактілік өнімді таратудың жолын кесудің халықаралық стандарттарға сай келетін жүйесін құруға ықпал етеді», - деді Мәжіліс Төрағасы.
Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІ съезінде 2010 жылдан бастап индустриялық-инновациялық дамудың бес жылдығы басталатынын мәлімдеген болатын.