Өткен сессияда Парламент депутаттары 302 сауал жолдады

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат -Бесінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясында қос палата депутаттары 302 сауал жолдады.
None
None

Бүгін Парламент сессиясының жабылуына арналған палаталардың бірлескен отырысында баяндама жасаған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

«Бұдан басқа, бірінші сессия барысында депутаттар ел жұртшылығы тарапынан көтеріліп жүрген нақты мәселелердің шешімін табуға баса назар аударды. Мәселен, сессия барысында Парламенттің қос палатасы депутаттары тарапынан 302 депутаттық сауал жолданды. Осыған байланысты, депутаттық сауалдардың бұрынғыдан сапалы бола түскенін, бірін-бірі қайталаулардың болмағанын атап өту керек. Ең бастысы, мұнда негізгі екпін жергілікті жерлердегі проблемаларды шешуге ойысты, жалпы мемлекеттік сипаттағы мәселелерге барынша көңіл бөлінді», - дейді Мәжіліс спикері.

Оның айтуынша, депутаттық сауалдардың сапасы ғана емес, осы сауалдармен Үкіметтің шешім қабылдап, жұмыс істеулері де жақсара түскен.

Соңғы жаңалықтар