Өткен шілде айында 66,3 мың адам жұмысқа жаңадан қабылданды, 63,8 мыңы түрлі себептермен жұмыстан шығарылды

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - ҚР Статистика агенттігінің шұғыл мәліметтеріне сәйкес, өткен шілде айында республиканың орташа және ірі кәсіпорындары мен ұйымдарына жұмысқа 66 мың 300 адам қабылданды, 63 мың 800-і түрлі себептермен жұмыстан шығарылды,

Өткен шілде айында 66,3 мың адам жұмысқа жаңадан қабылданды, 63,8 мыңы түрлі себептермен жұмыстан шығарылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің мәлімдеуінше, жұмыстан босатылғандардың 81,6 пайызы - өз еріктерімен, 2,6 пайызы - жұмыс орындарының қысқаруына және 15,8 пайызы - түрлі себептерге байланысты шыққан.

 Шілде айында жұмысқа қабылдау айналымының коэффициенті - 2,3 пайызды, жұмыстан шығару - 2,2 пайызды, кадрлардың тұрақсыздығы - 1,8 пайызды құрады. Шілдеде жұмыстан босатылғандардың санының 104,0 пайызы жаңадан қабылданған кадрлармен алмастырылды.