Өткен тәулік ішінде КІІД-нің қызмет көрсету аумағында 5 қылмыс тіркелді

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде Көліктегі орталық ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аумағында 5 қылмыс тіркелді, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Өткен тәулік ішінде КІІД-нің қызмет көрсету аумағында 5 қылмыс тіркелді

Таратылған ақпаратта бұл қылмыстардың барлығы да криминалдық полиция желісі бойынша тіркеліп, олар түгелімен ашылды. Мәселен, кеше сағат 18.00 шамасында Бескөл стансысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында Алматы облысында тұратын 1984 жылы туған С. деген азаматты ұстады. Ол 2012 жылдың қаңтар айының ортасында Бескөл стансысының  паркіндегі белгісіз вагоннан 740 келі қара темірден жасалған ломды ұрлаған. Айғақ заттар тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі мен ұрланған темірдің орны анықталуда.