Өткен тәулік ішінде республикада 5 жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам мерт болды және алтауы ауруханаға түсті
АСТАНА. Тамыздың 15-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде республикада 5 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан төрт адам мерт болды және алтауы ауруханаға түсті,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Мысалы, Алматыда Әл-Фараби және Науаи көшелерінің қиылысында тамыздың 14-інде сағат 17.56-да «Мицубиси» автокөлігінің 37 жасар жүргізушісі 8 жасар баланы басып кеткен, ол оқиға орнында жан тапсырды.
Атырау облысының Жылыой ауданында Құлсары-Теңіз автожолының 33 шақырымында жұма күні сағат 19.30-да «Daewoo» автокөлігінің жүргізушісі «Тойота» автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Daewoo» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, төрт жолаушы ауруханаға түсті.
Қарағанды облысының Теміртау қаласында жұма күні сағат 12.50-де «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі Металлургтер көшесімен кетіп бара жатып жолаушыны басып кеткен, салдарында 6 және 15 жастағы қыз балалар ауруханаға түсті.